Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орал қаласы шегіндегі бағбандыққа байланысты мәселелер қаралды.

Орал қаласы шегіндегі бағбандыққа байланысты мәселелер қаралды. 2019 жылы 17 шілдеде "Ақжайық - Адалдық Алаңы " жобалық кеңсесінде жобаның со-кураторы Р.С.Ақмырзаевтың басшылығымен мүдделі мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектілерінің өкілдерінің (Орал қаласы әкімі және әкімінің орынбасары, БҚО энергетика тұрғын-үй шаруашылығы басқармасы, Орал қаласы әкімінің орынбасары, Орал қ. жер қатынастары және тұрғын үй-шаруашылығы бөлімдері, БҚО Полиция департаменті, Орал қ. мемлекеттік кірістер басқармасы, БҚО ТМРД, «Қазтрансгазаймақ» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС, «Батыс энергоресурсы» ЖШС, БҚО «Электр желілерін тарату компаниясы» АК)және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Орал қаласы шегіндегі бағбандыққа байланысты мәселелер бойынша кеңес өткізілді. Жиын барысында БҚО аумағындағы бау-бақша және саяжай учаскелері иелерінің мүдделеріне қатысты сұрақтар бойынша орталықтандырылған тәсілдер және барлық бау-бақша саяжайларды біріктіруші мемлекеттік органдардың қолдау мәселесі қаралды. Аталған салада көтерілген сұрақтарды шешу бойынша келесі іс-әрекеттер қаралды: Аталған мәселелерді шешу мақсатында келесі іс-әрекеттер қабылданды: - Тұрақты жұмыс істейтін орган (кеңес) құру ("ӨҚҚБ" ЖШҚ, ТКШ, БҚО ЖҚ, ЖКО өкілдерінің, қалалық мәслихат депутаттарының, табиғи монополия субъектілерінің және басқа да уәкілетті органдардың қатысуымен) - құрылған орган аясында жинақталған мәселелерді шешу бойынша жүйелі шаралар әзірлеу.

1
0
276

Осы тақырып бойынша