Орал қаласы әкімінің орынбасары Кульбаев Асхат Есмұханұлы азаматтарды қабылдады
Бүгін «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Орал қаласы әкімінің орынбасары Кульбаев Асхат Есмұханұлы азаматтарды онлайн түрде қабылдады. Қабылдауға қатысқан азаматтар автобус аялдамасының орынын ауыстыру, аукцион арқылы жер учаскесін алу, жерге қаулы шығару мәселелері бойынша жолықты. Аталған мәселелер бойынша түсінік беріліп, кей сұрақтар назарға алынды.
