Орал қалалық қорғаныс басқармасындағы кездесу
Бүгін сағат 11.00-де Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында Орал қалалық қорғаныс басқармасында офицерлер, сержанттар және қызметкерлер қатысты. Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы мәселелер қаралды.
Департаменттің «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы» басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш кіріспе сөзінде сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуына залал келтіріп, оның дамуына тежегіш болатын дерт екендігіне тоқталды.
Шара барысында оқылған баяндамалар арнайы дайындалған слайдтармен сүйемелденді.
Кездесуді Қалалық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Р.Мажитов қорытындылап, Департамент қызметкерлеріне ұжым атынан алғысын білдірді.
