Орал қалалық филиалының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті
Бүгін 10 қараша сағат 11.00-де басталған "Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалының кезектен тыс XXVIII конференциясы өз жұмысын аяқтады. Конференция барысында кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламалары бойынша дебатқа түсті. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан 102 делегат қатысты. Дауыс беру онлайн форматта өткізіліп, конференцияның дауыс беру қорытындысы бойынша 12 кандидат облыстық тізімге, 32 кандидат қалалық тізімге енді.
