Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қорғалжын ауданы бойынша жетімдер саны 14 бала

Қазақ халқы ежелден жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған дала елі. Ертеректе 15-ші ғасырда Еуропада жетімханалар көбейіп жатқанда, қазақ даласында ондай ой-түсінік те болмаған. Алайда, замандар ауысып, заманалар ойысқан кезде, соғыс көріп, майданнан опат кешкен әкелер қайтып оралмағанда «жетім» сөзі көкірекке найза ұшындай қадала берді. Бірте-бірте көзіміз де, құлағымыз да үйреніп кеттік. Дегенмен, Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғалы бері Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балларға үкімет тарапынан барынша назар салынып келеді. Жәрдемақылар мен әлеуметтік пакеттер, тағы басқа жағдайлар толық жасалынып жатыр деп айта аламыз.

Ал, Қорғалжын ауданында 14 бала қамқорлық пен қорғанышта тәрбие алып жатыр. Патронаттық тәрбиедегі балалар жоқ. 54 бала баспана алу үшін тіркеуге алынған. Бұл балалардың әрқайсысына аудан басшылығы тарапынан, білім беру орындары тарапынан және жан ашыр азаматтар жағынан барынша моральдық және материалдық қолдау жасауға күш салынып жатыр.

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Қорғалжын ауданы бойынша жетімдер саны 14 бала - Yvision.kz