Онлайн өткен кездесу
Осы болашағымызды көзі ашық көкірегі ояу, білім сапасы жоғары, халқымыздың асыл қазынасын, салт-дәстүрін сүйетін, ұлтын, жерін, елін қадірлейтін, иманды, инабатты да ибалы, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеудің негізі жастық шақтан басталады. Тәуелсіз Қазақстанның кемелді болашағы бүгінгі білімді ұрпақтың асқақ арман, биік мақсаттарымен айқындала түсуде. Жастарымызды рухани бай, санасы мол, өмірге деген құлшынысы жоғары деңгейдегі азаматтар етіп тәрбиелейтін болсақ, біздің болашағымыздың жарқын болуына нық сеніммен қарайтынымыз анық. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Демек, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизммен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие. Қазақстанның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе - патриотизмнің негізі сол болмақ.
