Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Онлайн сабақ"

Мектебіміздің педагог-психологы Н.С.Башенова және тәрбие жөніндегі орынбасары Э.К.Досыбай ұйымдастыруымен, 5-11 сынып қыз балалардың ата-аналарына карантиндік ара-қашықтық сақтай отырып, әр сынып өздерінің бекітілген уақыты бойынша, кезеңдерге бөлініп жиналыс өткізілді. Аталмыш жиналысқа мектебіміздің 5-11 сыныптың ата-аналары қатысты. Жиналыста мектеп басшысы Б.С.Умирзакова ата-аналарға қыз-бала тәрбиесі өте қиын әрі жауапкершілігі мол екенін атап өтті. Мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Э.К.Досыбай жиналысты қорытындылай келе, ата-аналарға балаға көбірек көңіл, уақыт бөлу қажет екенін және баланы қараусыз қалдырмауға өтінішін білдірді.

№2 Жаңаөзен қалалық емханасының А.Қ.Жамухамедова гинеколог маманының қатысуымен 03.12.2020 күні «Ерте жүктіліктің зардаптары» тақырыбында Zoom.Us платформасы арқылы 8-11 сынып қыз балаларына жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында 8-11 сыныптың оқушы қыз балаларына ерте жүктіліктің зардаптары және зияны жөнінде ақпарат берілді. Ерте жастағы жүктіліктің ең алдымен адам денсаулығына кері әсерін тигізсе, болашағына балта шабатыны туралы ұғынықты етіп түсіндірді.Қыз балалардың жеке бас гигенасы туралы әңгіме қозғап, оқушыларды өзінің жеке қабылдауына кеңес беруге шақырды. Жиналыс соңында мектебіміздің қыз балалары өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын ортаға салып, гинеколог мамандардан сұрақтарына жауап алды.

0
0
265

Осы тақырып бойынша

"Онлайн сабақ" - Yvision.kz