Онлайн өмірдің зардабы
Мойындамасқа шара жоқ айналамыздағы онлайн өмір адамзатты өзінің құлындай телміртіп алғаны ащы шындық. Телефон, компьютер сынды түрлі гаджеттер сананы улап, серігімізге айналғаны сөзсіз. Алайда оны біле тұра бас алуымызда қиындады. Дегенмен, 21 ғасырғой деген алдамшы ойдың салдары өз зардаптарын әкелуі ғажап емес. Уақытша қызыққа тұсау болып қалғанымызды денсаулығымызға келген кері әсердің нәтижесін көріп қана тоқтау сала аламыз. Қымбат дүниеңді құрбан етуге де бармыз бүгінде. Уақытша деген қызыққа уақытымызды сарп етіп, бар пайдалыны желге ұшырып жатқанымызды да байқамаймыз. Болашақта өміріңе пайдасын тигізетін дүниемен айналысу керек екенін ұғынсақта, бас ұрмаймыз. Тереңдеп телміртіп алған бұл байланыс құралының адаммен байланысының күштірек болуы, мықтылап тұсаулай салғаны көз алдымызда өрбіп жатыр. Талай адам өліміне себеп болған бұл техника құралының берер зияны шаш етектен. Әрине,алдымыздағы онлайн өмір тек осымен ғана шектеліп қалмайтыны мәлім. Алайда, Мұрат Мөңкеұлы бабамыз: «Мен қауіп еткеннен айтамын»,- дегендей санамызға серкеу түсірмей, пайдалы мен зияндыны ажырата білу маңызды.
