Онлайн конкурс творческих эссе «Елбасы - ел тірегі, жасұрпақ - ел білегі»
《ЕЛБАСЫ-ел тірегі,Жасұрпақ-ел білегі》
Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,
Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін арманына,
Елбасым,айналайын,атқан таңым.
Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,
Жылатып мына әлемді гүлдендірдің,
Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,
Елімнің шығардыңыз биік үнін.
Елбасым ер жүректі ер мінезді,
Елімді айналдырған гүл күмбезге
Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,
Жарқыраған қазағымның күні емес пе?
Қазағымның жарқыратқан маңдайын,
Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым
Қақтырған талай дүниенің таңдайын,
Мен мақтанамын Елбасыммен әрдайым.-деп, мен өз өлеңімде айтқым келгені біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде бейбітшілікте өмір сүрудеміз.Тіпті Елбасымыздың жетістіктері де өте зор. Небәрі 21 жыл ішінде атқарылған істері де аз емес . Жеткен жетістіктеріміз,алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы.Алда көптеген мақсаттар,атқарылатын істер бар.
Қазақстанның бағындырар белестері де алда.Осы белестерді,мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз.
Айдана Темирбек

