Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Онлайн-конференциялар жалғасуда

2020 жылдың 16 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен Филологикалық факультеті қызметкерлеріне «ЖОО ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырылды.

Онлайн-конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры Т.М.Дәрішева, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин және университеттің Филологикалық факультетінің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және 12-бабына сәйкес шектеулер қабылдаулар барысы талқыланды.

Аталған онлайн-конференциялар өз жалғасын табатын болады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
222

Осы тақырып бойынша

Онлайн-конференциялар жалғасуда - Yvision.kz