Онлайн форматта бастауыш партия ұйым төрағаларымен кездесу
4 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Қазталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин онлайн форматта бірқатар бастауыш партия ұйым төрағаларымен кездесіп, алдағы жұмыстарды пысықтады.
Онда бастауыш партия ұйымдарының ашық форматқа көшуі және тұрғындармен "кері байланыс" жұмысын нығайта отырып, партияның ядролық электоратын қалыптастыруға күш салуы, әлеуметтік желілердің ықпалын партия жұмысына пайдалану секілді мәселелер айтылды.
Кездесу барысында бастауыш ұйым төрағаларының ұсыныс пікірлері назарға алынып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
