онлайн-форматта аудандық филиалының Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы өткізілді
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиевтің төрағалығымен онлайн-форматта «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы өткізіліп, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер қаралды. Отырысқа аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелерімен қатар, тиісті мемлекеттік мекеме басшылары қатынасты.
Отырыс күн тәртібіне сай Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айткалиев және Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов сайлауалды бағдарламасында айқындалған жұмыссыздық деңгейін азайту міндеттерін орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап, аудан көлемінде жаңа жұмыс орындарын құру жұмыстарының жайы туралы хабардар етті.
Отырысты қорытындылаған Біржан Қуаналиев қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, осы міндеттерді іске асыру бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру қажеттілігін баса айтты. Осы бағытта ол кеңінен түсіндіру-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыруымен қатар, жұмыссыздықты азайту бойынша нақты шаралар қолға алынуы тиіс екендігін назарға салды.
Айта кету керек, бұдан бұрын «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Ұлт денсаулығын, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі (төрағасы Берік Ихсанов), Экология жөніндегі (төрағасы Бауыржан Каракулов), Жастарды қолдау жөніндегі (төрағасы Мирас Имангалиев), Аграрлық секторды дамыту жөніндегі (төрағасы Мейіржан Хаби), сондай-ақ Жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтары, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі (төрағасы Салтанат Кенжалиева) Қоғамдық Кеңестердің онлайн-отырыстары өткізілп, тиісті Қоғамдық Кеңестер төрағалары жүргізген бұл отырыстарда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер қаралды.

