Онлайн диалог алаңында
2020 жылдың 22 қазанында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдарының мүшелері үшін коммуникативтік дағдыларды жетілдіру бойынша онлайн диалог алаңы өткізілді. Бастауыш партия ұйымдары - халықпен арадағы алтын көпір. Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру - уақыт талабы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын.
Атап айтқанда, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев бағдарламаға сәйкес партияның белсенді мүшелерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту және партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдауды, барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыруды, биліктің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілікті арттыруды тапсырды. Партия проблемаларды нақты шешу жолдарын ұсынып, тиімді жұмыс істеуі керек, сонда беделіміз де артады, халық та қолдайды. Сонымен қатар Елбасы ел дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін партияның қоғамды жұмылдыру үдерісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
