Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Онкологиялық сринингтен өтудің маңызы не?

Онкологиялық науқастардың республикалық регистріне облыстан 20251 адам тіркелсе, оның ішінде 3277 адамға қауіпті диагноз алғаш рет қойылған. Оның ішінде барынша кең таралған түрлері: сүт бездері, жатыр мойны, тік ішек, асқазан және өңеш, простата безінің қатерлі ісігі.

Қазір бүкіл әлем бойынша қатерлі ісікке шалдығушылар саны артып отыр. Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94 пайызын толық емдеп жазуға болады. Ал, емге кететін шығын 200 есеге қысқарар еді. 2020 жылы скринингтік алдын алуға 976,2 млн. теңге бөлінді.

Скринингтік зерттеулер жүргізу арқылы онкологиялық ауруларды ерте сатыда анықтауға болады. Өз денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз, профилактикалық қараулар мен скринингтерден өтіңіз!

МӘМС қатысушылары скринингтің барлық кезеңдерін тегін өтеді:

- 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер сүт безі обыры қаупі жоғары топқа жатады. Сондықтан олар маммографиялық тексеруден тегін өтеді;

- 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер жатыр мойны қатерлі ісігіне тегін тексеріледі;

- 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де тоқ ішек пен тік ішек обырына тегін тексеріледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы

0
0
209

Осы тақырып бойынша

Онкологиялық сринингтен өтудің маңызы не? - Yvision.kz