Омар Жәлел - Жақсы мен жаман
Жақсы деген не? Жаман деген не?
Омар: Жақсы мен жаман деген қазақтың дүние танымындағы ең өзекті, ең сүйікті философиясы. Біз жақсы сөзін сын есім ретінде қабылдап үйрендік. Жақсы деген негізі зат есім. Бұл сөзді орыс тіліне аударатын болсақ, мағынасы элита дегенді білдіреді.
жамансыз жақсы болмайды, БҰРҚАНСЫЗ БАҚСЫ БОЛМАЙДЫ
Негізінен елді ел қылатын осы жақсылар екен. Бұның синоминдері: игі жақсылар, сорпаның бетіндегі майы, сүттін бетіндегі қаймағы, элита. Егер сорпаның бетіндегі майды сыпырып алатын болсақ, сорпа көк сорпаға айналады да, құнарсыз, кеңеусіз болады. Сүттін бетіндегі қаймағын сыпырып алатын болсақ, көк сүтке айналады. Сол сияқты халықты отарлайтын кезде, халықты тізесіне қоятын кезде осы қазақтын жақсыларын сыпырып алады екен. Оны біз тарихтан көрдік. Кезінде отаршыл мемлекет енді қалыптасып келе жатқан қазақтын жақсыларын, алаш көсемдерін сыпырып алған кезде, халық өзінің жақсысынан айырылғаннан кейін көпшілікке айналып қалды. Яғни, өзінің бағыт бағдарынан жаңылып қалды. Не істерін білмей қалды. Көшілікте жақсысынан айырылғаннан кейін тек қана бір-ақ мақсат қалады екен, ол - аман қалу. Өз өзін сақтап қалу мәселесі ғана бірінші орынға шығады екен. Ал жақсылар мемлекетке, халыққа импульс беріп отырады, халықты шабыттандырып отырады. Ойланатын, армандайтын, жігерлендіретін, қисайса түзететін, халықтын қамын ойлайтын осы жақсылар. Былайша айтқан кезде жақсы деген кім? Ол - ел үшін құрбан болатын адам. Ол - элита.
Бұқар жырау айтады:
Күн батыстан бір дұшпан,
Ақырда шығар сол тұстан.
Шашын алмай, тарайды,
Күн шығысқа қарайды.
Жамандықта міні жоқ,
Құдайды білмес, діні жоқ.
Бастығының аты поп.
Жаяулап келер жұртыңа,
Балды май жағар мұртыңа.
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Сонда Бұқар жырау сол отаршылдықтын болатынын алдын ала болжап отыр. Кешегі елдін қамын айтқан жақсылардың барлығы түрмеде шіріді. Атылып кетті. Айдалып кетті. Сонда қазақта мақал шықты сол кезде.
Ер жақсысы түрмеде шіриді, Ат жақсысы кермеде шіриді
Бүгінгі таңда элита бар ма бізде?
Омар: Әлбетте. Ел болған соң элитасыз болмайды. Қазіргі кезде мына тәуелсіздіктін бір сыйы бізге сол жақсылар қалыптасып келе жатыр. Бірақ бұл жақсылар өзі аз. Алтын аз болады дейді. Жақсылардың қалыптасуына ұзақ уақыт керек. Халық ана толғатып, жақсыларды туғызып отырады. Солар халқына қорған болады. Кезіндегі: Асанқайғы сияқты, Әлихан Бөкей, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Қошке Кеменгерұлы қазықтың жықсылары еді. Егер сол жақсылыр аман болғанда, жақсылары қазақтын тірі тұрғанда, қазақ қазіргі кезде 50-60 миллион болып, өз ділін, өз тілін сақтап, балқып, шалқып отырар еді. Бұл енді арман. Бірақ орынында бар оңалар дейді.
Біз қазіргі кезде ең бастысы өткенге салауат, осы халқымыздың санасында жоғалған жақсы ұғымын тірілтіп алуымыз керек. Егер біз жақсы ұғымын тірілтпесек онда өмірдін мәні де болмайды. Өмірдің құны да болмайды. Онда өмірдің сапасы төмендеп кетеді. Сондықтан қазақтың бұрынғы импульсін, өмір сүруге деген талпынысы қазақтың қызының тілімен айтады. Тасты домалататын, арқырап таудың суы ағып жатыр. Бір жағында жігіт, бір жағында қыз. Сонда қазақтың қызы айтады екен: Жақсы болсан келерсін судан өтіп, жаман болсан кетерсін суға кетіп дейді. Яғни, шын мәніндегі қазақтын бұрынғы дүние танымында ұл болғаннан кейін шоқ бол дейді. Шоқ бол деген жақсы бол деген сөз. Жанып тұратын шоқ болмасан жоқ бол дейді.
я, құдайым, бала бер. Бала берсен сана бер. Сана бермесен ала бер.
Жақсы мен жаман ұғымы қазақ отбасында қалай көрініс тапқан?
Омар: Екі жақсы қосылса ай мен күндей дейді. Негізінен екі жақсы қосылса, бұл үлкен олжа.
Ақтанберді айтады:
Арудан асқан жар бар ма,
Жылқыдан асқан мал бар ма,
Биенің сүті сары бал –
Қымыздан асқан дəм бар ма!
Екі жаман қосылса,
Күнде жанжал, күнде шу,
Ұяларлық ар бар ма.
Ары жоқ адамда ұят та болмайды екен. Сонда бұл жерде Ақтанберді айтып отыр ұяларлық ар бар ма? Яғни, ұятты ар ұғымы ғана тудырады. Ал ар ұғымы қазақ ұғымында тазалық деген мағынаны білдіреді екен. Ішкі тазалық, рухани тазалық.
Қазіргі отбасында болып жатқан кейкілжіндер, жанжал керістін сыртқа шығып кетуі, көпшіліктін назарына ұсынылуы бұл тексіздіктің белгісі.
Екі жақсы керісер, керісіп отырып келісер. Екі жаман келісер, келісіп отырып керісер.
Екі жақсы керісер, керіспей тұрмайды өмір болғаннан кейін. Ерлі-зайыптылардың арасына есі кеткен түседі дейді. Ешқашан олар ешкімге жүгінбейді. Олар өздерінің арымен, ұятымен шешеді. Отбасы болғаннан кейін әр түрлі жағдайлар болады. Сондықтан шын жақсының келбеті - оның үйінде ешқашанда жанжал шу болмайды. Олар қабақпен ұғысады. Ыммен ұғысады. Балалардың жүрегіне қаяу түсірмеуін ойлайды. Ағайын-туғанға ұят болмауын ойлайды. Арына дақ түсүрмеуін ойлайды. Бір бірінің көңіліне қаяу түспеуін ойлайды. Міне, жақсы, элита деген осындай болады.
Абай айтады:
Жақсы мен жаманды айырмадын,
Бірі май, бірі қан боп екі ұртын.
Біз қазіргі кезде жақсы мен жаманды айыра алмай қалдық.
Шалкиіз айтады:
Жақсының жақсылығы сол болар,
Жаманменен бас қосып сөйлемекке ар етер.
Сонда шың жақсы жаманмен бас қасып, сонымен бірге сұхбаттас болып, сонымен бірге жүруді өзін ар санайды екен. Ұят санайды екен. Өзінің бойына лайық емес деп санайды екен. Бұл жерде совет үкіметінде бізді былай үйретті. Адамның жақсысы болмайды, жаманы болмайды бәрі бірдей. Ал шын мәнінде қарасаңыздар ол олай емес. Табиғатта теңдік жоқ.
еттін бәрі қазы болмас, иттін бәрі тазы болмас.
Сонда иттін де жақсысы бар. Ол - тазы. Қазақта ит жеті қазынанын бірі болғанмен, сонын ішінде тазы ғана қазақтын төріне шыққан, элита болған, түсүнесіз бе? Еттін бәрі қазы болмас дейді, еттін де элитасы бар, ол - қазы, мысалы. Сол сияқты еттін элита сы, иттін элитасы болғанда адамның элитасы неге болмау керек?
Ссы қуатты дүние танымнан айырылып қалдық. Біздің көрінгенге күлкі болып жүргеніміз де себебіміз сол. Жақсысы бар ел азбайды. Бір ауылдан жақсысы қайтыс болып, артынан жақсысы шақпаса, өртеніп кеткен жермен тең дейді Ақтанберді. Сонда Мәшһүр айтады, бір елдің руларын шежіресін жазып отырғанда, өй, бұл руды жазып қайтем, қаламымды былғап. Бір жақсысы жоқ іліп аларлық. Қараңыздар, қандай талғам.
Ал енді жаман қалай жаманға айналады деген кезде
Жаманның жамандығы сол болар –
Сөйлесе, дәйім бетін қара етер.
Сонда Шалкиіздің толғауында жаманға айналу сөйлеуге байланысты деп тұр.
Осыдан келіп жақсының жалпы үш түрі бар екендігін айта кетпекпіз. Бірінші бұл туысына байланысты. Яғни, аристократтын туысына байланысты. Яғни, біздің, қазақтың мәдениетінде бұлар туысына байланысты жақсылар, төрелер, қожалар, қаракөктің тұқымы деп атап жатады. Жақсылар туысымен, әулетімен. Мысалы төрелер, ақсүйектер. Екінші аристократтар, қазақтын екінші жақсылары, игі жақсылары бұл байлар. Байлығына байланысты.
Аузы қисық болсада бай баласы сөйлесін
Неге? Шал ақын айтады:
Құл құтан қарақалпақ болсан дағы
Мал шіркін кемшілігінді жасырады.
Үшіншісі бұл рухани элита.
Осының ішіндегі ең мықтысы, ең баяндысы ,әрине, рухани элита. Қазақтын негізгі мәдениетіне қарап отырсаңыздар, қазақтын ертегілерінде қой бағып, қозы бағып жүрген бала ханға лайықты жауап қатқан кейін ханмен тенесіп, кейінен оның уәзіріне айналып жатады. Бұл сонда қазақ мәниетіндегі рухани элитаның, яғни, өзінің ақылымен жеткен адамдар басым болғаның көрсетеді.
Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз.
Байлықтың өзі ол өзі міндетті түрде ол адамға ақыл бітірмейді. Абай айтады: ақыл бітпес келбетке дейді. Сонда шын мәніндегі жақсы болу үшін біздің қазіргі кездегі діттеген мақсатымыз қазақтын жақсыларын тәрбиелеп шығару. Неге? Қазақтын жақсысы бүкіл жерде, бүкіл жерде жақсы.
Жақсыны қалай тәрбиелейміз?
Омар: Өте жақсы сұрақ қойып отырсыз.
Шал ақын айтады:
Жеңі қысқа болған қолы қайтсын,
Түні қысқа болған соң таңы қайтсын.
Өзі жаман болам деген адам бар ма?
Білімі, өңері жоқ, оны қайтсын.
Сондықтан мына жақсы болу үшін баланың жастайынан жақсы білім алып, өнер білімге ұмтылып, көкірек көзі ашық көкірегі ояу азамат болу керек. Біз қазіргі кезде елдің қамын ойлайтын жақсыларды тәрбиелеп үлгермесек, онда біздің жағдайымыз қиын болады. Неге? Өйткені Махамбет айтады: Жамандарға қарасам дейді, малын көрер жанындай дейді. Жаман, оның бар мақсаты пайда табу. Бар мақсаты мал жинау. Бір билікке жетсе соны пайдаланып, түсініп отырсыз, ішу, жеу.
Ал, жақсы - ол аристократ, ол текті. Ол ешқашан біреудің ала жібін аттамайды.
Ердің құны жүз жылқы, ары мың жылқы
Сондай деңгейдегі аристократ, ақсүйек қазақтарды тәрбиелеп шығуымыз керек. Егер біз оларды шығара алмасақ жағдайымыз өте қиын болады. Сол халықты халық қылып тұратын, тағы да қайталап айтамын, сол жақсылар. Олар мыңдаған жылдар бойы қалыптасады екен.
Тектіден текті туады дейді. Ол билік болсын, байлық болсын, шешендік болсын бәріне тектілік керек екен. Сонда тектілік дегенде Үмбетей жырау айтады:
Хан болмаған хан болса,
Қанамаған ел қоймас.
Бай болмаған бай болса,
Жайламаған сай қоймас.
Би болмаған би болса ,
Айтылмаған сөз қоймас.
Қазіргі қазақ мәдениетіне сондай тиктоникалық қозғалыстар керек. Өте үлкен қозғалыстар керек. Неге? Өйткені біз жүз елу жыл бойы отарланып, өзіміздің төл дүние танымымызды жоғалтып алған халықпыз. Қазақ айтады ес жиып, етек жинау дейді. Етек жинаған кезде ғана барып сол ел, сол халық өзінің ең сапалы ұлдарын тудыра бастайды екен. Мысалы қазақ айтады: атадан алтау туады, ішінде біреуі ғана абадан болып туады дейді. Негізі мен өзім ойлаймын элитный балалар туу үшін, мықты балалар туу үшін сол осы қазақтын осы селекциялық саясатын қолдануымыз керек.
әрбір қазақ отбасында, кем дегенде, алты бала болу керек.
Сол алты баланын ішінде біреуі ғана абадан болып туады екен. Абадан дегеніміз, парсы тілінен алғанда, бұл абат деген сөздің түбірі көркем болып туу екен. Сол абадан атқа мінгенде, қалғандарының бәрі таққа мінеді дейді. Ал абаданнан айырылып қалса , әрбіреуі көрінгенге жем болады. Бұл қазақтың саясаты. Сондақтан жақсы болып қалыптаса ма, туама деген кезде мен айтар едім туады негізінен. Қазақ айтады: ырыс қасша да туыс қоймайды деп. Текті болып туған баланың ырысы қашса да ырысты бәрібір қуып жетеді екен. Сондықтан қазіргі кездегі біз елу елдің қатарына енейіндеп жатырмыз, мысалы. Енгіміз келіп жатыр. Бірақ осының бәрін анықтайтын сапалы балалар. Сондықтан сол сапалы бала туу үшін, жақсы бала туу үшін не істеу керек? Оның қандай шарттары бар деген сұрақтар күн тәртібінде тұр. Соған біз жауап беруіміз керек.
жігіттін жақсысы нағашысынан. Үйдін жақсысы ағашынан
Жақсы бала текті шешеден туады. Мәшһүр Жүсіп атамыздың сөзі керемет. Меңіреу әйелден меңіреу бала туады дейді. Меңіреу бала дегеніміз кім? Меңіреу бала дегеніміз ішкі жан дүниесі жабық бала деген сөз. Оны кейін оқыт, оқытпа нәтиже болмайды екен, түсінесіз бе? Сондықтан бұрынғы қазақтын тәрбиесіндегі текті әйелді іздеу, жар таңдаудағы шатаспау деген маңызды мәселе. Мысалға, қаншама адамдар қазір опық жеп жатыр, жастар өздері біледі деп. Ал шын мәніндегі осы екі жақсыны қосу деген оңай шаруа емес екен. Оны мамандар, эксперттер ғана қосады екен. Сонда інжуге маржан орнатқандай деп қазақ айтады. Екі жақсыны айтып отыр. Сонда оны кім қоса алады дегенде, інжуге маржанды, оны зергерлер қоса алады екен, ювилерлер.
Ер қадірін ер белер, Зер қадірін зергер білер
Сондықтан бұрынғы көзі ашық, көкірегі ояу адамдар екі жақсыны, інжу мен маржанды танып, екеуін қосқан. Мысалы, Абай мен Ділдәні қосқандай. Міне, сол екі жақсыдан, яғни, анау да қаракөктін тұқымы, Абай да асыл тұқым. Құнанбай, Ырғызбай бәрі би болған. Осы екі асылдан Абай туып тұр. Қазақтың жақсысы, элитасы. Міне, үлгі. Ал Абай мен Ділдәдан, өз кезегінде, Әбдірахман, Ақылбай, Мағауия туып тұр. Бүкіл балалары текті. Бәрі жақсы болып өсті. Неге? Өйткені екеуі де жақсы. Ал екеуін қосқан кім? Олар өздері білді ме? Жоқ. Екеуін қосқан Құнанбай мен Алшынбай. Ал біз қазір айтамыз жастар өздері біледі деп. Қаншама жас ата-аналар қазір сол өзі біледі дегеннің кесірінен жылап жатыр. Бауыр еті балалары бақытсыз болып қалып жатыр. Олар не біледі, балалар?
Әлихан Бөкей төрелердің жақсысы, Жақсылардың жақсысы
Әлихан Бөкейді жақсы қылып тұрған не? Әлихан Бөкей айтады: Қаранын төреде қақысы бар. Мен өле өлгенше қараға қызмет етуге міндеттімін деп. Неге? Бұл бала кезінен сіңірген кодекс, түсінесіз бе? Жанағы аристократтардың кодексі. Сондықтан төре ол қараның, үш жүздің, алты алаштын бақыты үшін жанын құрбан қылуға даый болады. Ананың сүтімен, атаның күшімен келген тектілік деп осыны айтады. Қазіргі кезде бізге де осындай Әлихан Бөкей сияқты жақсыларды тәрбиелеуіміз керек. Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы деген адамдар керек. Әйтпесе мына мемлекетті кім қорғап қалады? Елге кім қорған болады? Егер құлқыннан аспайтын, қарынның қамынан аспайтын адамдар билік басына келсе, олар бізді басқарса, елді кім ойлайды? Міне, бұл жақсылардың негізгі міндеті. Ол елді ер қылу екен.
Шалкиіз айтады:
Жамандар ауа көшсе,
Жақсылар қалар шақырып,
Жамандар кетер есікті тарс ұрып.
Жамандар үнемі бөлінуге, бұзылуға, сепаратизмге дайын тұрады екен. Ал жақсылар елдің қамын, елді ұйыстыруға, патшаны сыйлауға, бірлікке шақырады екен.
бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде
Ол не? Көпшілікке үй іші проблемасын салмау. Ол өзіңнің жеке шаруан, түсінесіз бе? Жақсылар ғана түсінеді. Өйткені оның жеке шаруасы. Оны өздері шешеді. Сол қазақтың мақалы қазіргі кезде ұмыт бола бастады. Қазір біз қит етсе оны көпшілікке шығара саламыз. Көпшіліктің талқылауына салып жібереміз. Сонда ол көпшіліктің талқылауына айналған отбасында не абырой қалады? Отбасының ішкі кухнясына әркім көзін сұғып, тілін қадап жатса не қасиет қалады? . Міне, сондықтан отбасы деген кезде шын жақсылар, ын-шынсыз, жанжалсыз, дүние үшін де, мал үшін де айқайласпай ақылмен шешеді екен. Міне, осындай жақсыларды тәрбиелеу қазіргі кездің сұранысы деп айтар едім.
Ақбота: Жақсы, Омар аға. Уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеңіңізге мың да бір рахметімізді айтамыз. Бар жақсылықты тілейміз.
P.S. Сұхбаттын видео нұсқасы.
