Қолжетімді орта құру шеңберіндегі мемлекеттік бақылау
Профилактикалық бақылаудың 2-ші жартыжылдығына арналған тексеру жүргізу жоспарын орындау үшін әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен Рудный қаласында, Қостанай және Қарабалық аудандарында тексерулер жүргізілді.



Мәселен, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік тұрғысынан қыркүйек айында 6 тексеру ("Қазпошта" ҚОФ АҚ Рудный АПББ, "Рудный қалалық көпсалалы ауруханасы" КМК, Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының әкімшілік ғимараты, "Қостанай аудандық орталық ауруханасы" КМК, "Халық банкі" АҚ Тобыл қ. филиалы, "Қарабалық аудандық ауруханасы" КМК) жүргізілді.
Тексеру барысында барлық объектілерде халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету саласында бұзушылықтар анықталды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету саласында жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі еңісі 3.06-101-2012 ҚР ЕЖ талаптарына сәйкес келмейтін "шартты" пандустарды орнату, жабдықталған санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың болмауы, сондай-ақ объектіде ақпарат және телекоммуникация құралдарына қолжетімділіктің болмауы және басқа да бұзушылықтар болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша барлық субъектілерге бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген нұсқамалар енгізілді.
--------------------------------------------------------------
Во исполнение плана проведения проверок профилактического контроля на 2 полугодие, отделом по контролю в сфере социальной защиты проведены проверки в городе Рудном, Костанайском и Карабалыкском районах.
Так, за сентябрь месяц было проведено 6 проверок (Рудненский РУПС АО КОФ «Казпочта», КГП «Рудненская городская многопрофильная больница», административное здание Управления государственных доходов по г. Рудному, КГП «Костанайская центральная районная больница», филиал г.Тобыл АО «Народный банк», КГП «Карабалыкская районная больница») на предмет доступности для лиц с ограниченными возможностями.
В ходе проверок на всех объектах были выявлены нарушения в области обеспечения доступа для маломобильных групп населения.
Одними из часто встречающихся нарушений в области обеспечения доступа для лиц с ограниченными возможностями является установка «условных» пандусов, уклон которых не соответствует требованиям СП РК 3.06-101-2012, отсутствие оборудованных санитарно-бытовых помещений, а также отсутствие доступа к средствам информации и телекоммуникации на объекте и др. нарушения.
По итогам проверок всем субъектам были внесены предписания со сроками устранения нарушений.
