«Қолы ашықтың – жолы ашық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
‘Кедергісіз келешек’ партиялық жобасы аясында ‘Шонжы’БПҰ төрағасы Р.Суджековтың қолдауымен ауылдағы тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға арналған «Қолы ашықтың – жолы ашық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында «Шонжы» БПҰ төрағасы бұл отбасыларға әрқашанда көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді және азық-түлік, отын, үйге қажетті заттарын тапсырды. Ал жастар мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолдарын созып үй шаруаларына көмектесті .
