Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қолдан жасалған бұйымдар

Тұзды қамырдан мүсін жасау - ең оңай әрі қызықты процесстердің бірі. Мен бұл ермек жайлы осыдан бір жыл бұрын білген болатынмын. Сонымен, тұзды қамырдан қалайша мүсіндер жасайды екен, қарап көрейік.

Тұзды қамыр жасау үшін қажетті заттар:

  • 1 стакан ұн;
  • 0,5 стакан экстра(өте ұсақ) тұз;
  • 0,5 стакан жылы су.

Мүсіндерді безендіру үшін қажет қосалқы заттар:

  • Бояу;
  • Қылқалам;
  • ПВА желім.

Мүсіндерді жасау процессі:

  1. Ең алдымен ұн,тұз,суды араласытырып қамыр илейміз.

2. Дайын болған қамырды тоңазытқышқа кем дегенде 1 сағатқа салып қоямыз.

3. Қамырды тоңазытқыштан алып мүсіндер жасай бастаймыз. Мүсіндердің бөлшектерін сумен немесе су араласқан ПВА-мен байланыстырамыз.

4. Дайын болған мүсіндерді пешке 20 минутқа орташа температурада саламыз немесе терезенің алдына қойып, 2 күн кептіреміз. Мен пешке салдым.

5. Пештен мүсіндерді алып, бояй бастаймыз.

6. Дайын болған мүсіндерді бірнеше сағат табиғи жолмен кептіреміз.

1
1
13436

Осы тақырып бойынша