Олар, «автоматты» түрде азаматтықтан айырылады!
Діни радикалдық топтарға байланысты қазақстан тарапы, осы жолы қатқыл шешім қабылдады. Сирияны «аңсаушылар», енді елге кері қайта алмайды. Кетті ма, азаматтықтың бір жола айырылады! Бұл сөзді Президенттің өзі айтты. «МИР 24» телеарнасына берген сұқбатынан үзінді:
«Қазақстандағы заңнамаға орай, еліміздің құзырындағы азамат кетіп, қандай да бір экстремистік ұйымға кіретін болса, ол отанына қайтып келе алмайды: автоматты түрде азаматтығынан айырылады. Бұл мәжбүрлі шара»
Сарапшылардың айтуынша, шамамен 400 – 500 ге жуық азаматымыз Сирия «сериялының» «кейіпкеріне» айналып үлгіріпті. ТМД бойынша 5000 ға жетіп қапты. Мұны да Назарбаев айтты.
Бірақ, Ислам мемлекеті ұйымы деген түсініктен арылу керек. Ислам діні еш уақытта адами құндылықтарға кереғар ниет-амалдарды қолдамаған! Керісінше, адамзат баласына толық құқылы қарауды мақсат тұтты. Осыдан-ақ, осы теріс ұғымның әу - бастағы мақсатын ұғынуға болады.
фото: "Казинформнан"
