Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қол жинау» - арандату болып жүрмесін

Әйтсе де артық қыламын деп тыртық қылып жататын ағайындар да жоқ емес. Соның бір есімі Орталық өңірдің жұртына жақсы таныс Айтқожа Фазыл десек қателеспеспіз.

Өздеріңіз де білесіздер, «Жер дауы», «Жер туралы заңнама» қоғамда қызу талқыланып, біраз дүрбелең туғызды. Ел ертеңі үшін алаңдаған жанның бәрі жердің шетелдіктердің еншісінде кетіп қалмауын ойлап үн қосты. Шынайы жанашырлық білдірді. Халықтың бойындағы үрей мен қорқынышты шетел асқан кейбір пысықайлар оңтайлы пайдаланып, дүрбелең жасамаққа да талпынғаны сол кез еді. Абырой болғанда бәрі оңынан шешіліп, Президент мараторий жариялады, артынша «Жер комиссиясы» құрылып, жаңа заң жобасы әзірленді. Мараторий бойынша және жаңа заң жобасы бойынша қазақ жері шетелдіктер мен шетелдік компаниялардың үлесі бар (бір пайыз болса да) тұлғаларға сатылмайды жалға берілмейді. Бұл заң қазір сенаттың қарауына тапсырылды. Осымен мәселе оң шешімін тапқан тәрізді еді. Алайда күні кеше Айтқожа Фазыл ағамыздың әлеуметтік желідегі жазбасын оқып ойланып қалдық.

«Облыс, қала, аудан, ауыл әкімдіктері мен басшыларына және Қарағанды облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 26 наурыздан бастап Президенттің атына ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге сатуға қарсы ашық хатқа қол жинауды бастайтындығымызды хабарлаймыз», - деп жазды Айтқожа Фазыл өзінің Фейсбук парақшасында.

Хош делік. Былай қарасаңыз ел мен жерге жаны ашып отырған азаматтың сөзі тәрізді. Әйтсе де, Мұхтар Тайжан бастаған бір топ астаналық азамат Қарағанды қаласына арнайы келіп, заң жобасын талқылаған жиында бұл жазбаның авторын көре алмап едік. Шын жаны ашыр адам әлеуметтік желінің арғы жағында емес ашық диалог алаңында өзін көрсеткені жөн болар?

Тағы бір мәселе, Айтқожа Фазыл өзінің келесі бір жазбасында қол жинаудың мақсаты қандай да бір нәтиже шығару емес, халыққа осындай проблеманың бар екенін жеткізу екендігін жазыпты. Сонда қалай? Ешқандай нәтиже күтілмесе онда ауқымды шара өткізудің керегі не? Әрі халық «Жер дауын» білмей қалды деуге келе ме? Талқыланып жатқанына жылдан асып жығылып, әбден тізесі шыққан тақырыпты қайта қаузаудың керегі не? Бәлкім бұл мәселені халыққа басқа қырынан жеткізудің жолын іздеу керек болар?

Тағы бір айта кетерлігі, Айтқожа Фазылдың желідегі парақшасын қарап шығып, ол кісінің өзі күмәнді жан екенін байқап қалдық. Мәселен, бір жазбасында билікті сынға алып, халықшыл, оппазициялық көзқараста екенін көрсеткісі келгендей болып отырады да, келесі бір сөзінде әкімдікті мақтап шыға келеді. Бұл не сонда?

Өткен ғасырда жапон елінде «Бұлбұлша сайрату» деген жүйе қолданылған екен. Яғни билікке қырын қарайтын жандардың барлығына ойларын еркін айтып, көзқарастарын көрсетуге толық мүмкіндік берілген. Елдің бәрі сөйлеп болды-ау деген сәтте тым белсенділерінің көзін жойған.

Бәлкім Айтқожа Фазылдың «Қол жинау» деп бастама көтеріп отырғаны аңғал азаматтарды алдап тұзаққа түсіру шығар? Анығын өзі ғана біледі.

0
0
3403

Осы тақырып бойынша

«Қол жинау» - арандату болып жүрмесін - Yvision.kz