Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

#ОбоВсемсКорлаш: Жұлдыз Өмірғали

ЖҰЛДЫЗ ӨМІРҒАЛИ

- "KeshYOU" тобынан неліктен кеттің? Нақты себебі бар ма?

- Нақты себебім - "KeshYOU" тобында өзімді профессионалдық түрде көрсете алмадым. Сол 3 жылдың ішінде бойымдағы талантымды, әншілігімді дәлелдей алмағандықтан топ құрамын ауыстырамыз деген кезде, мені топтан шығару туралы шешім қабылданды.

- "ESENTAI" продюсерлік орталығымен келісім шарт мезгілің аяқталмады. Бірақ,естуімше, продюсерлік орталықпен қазір жұмыс жасамайсың?

-  Жооқ,"ESENTAI" продюсерлік орталығында қалдым...

- Қалдың? Ол орталықтан кетті деген сыбыстар келді ғой?

- Кетті дегенде... Егер, "ESENTAI" продакшннан ұсыныс түсіп жатса, мүмкін, сол уақытта жұмыс істеп кетерміз. Негізі, "бір келісім шартпен жұмыс істейміз" деп айта алмаймын. Тек қана, уәде ретіндегі келісім деуге болады.

- Түсінікті :) Соңғы бір жетістіктеріңді айтып өтейікші. "Қазақ аруы" телехикаясындағы дебютің өте әсерлі болды. Маған қатты ұнады. Жалпы, сол сериалдан кейін кинематографиядан қандай ұсыныстап түсіп жатыр? Жаңалықтар бар ма?

- Ия, 1-3 ұсыныстар түсті. Ол кезде "ESENTAI" продакшн рұқсат беріп, "Хабар" арнасындағы мюзиклға түстім. 2 ұсыныс түскен кезде, бас тарттым. Себебі, ауырып қалдым, денсаулығым мүмкіндік бермеді. Қазір, сол актерлік шеберлікке байланысты арнайы курстар өтіп жатырмын.

- Жалпы, болашақта "актриса Жұлдызды" көруіміз әбден мүмкін? Ұнады ғой?

- Ияяя :) Ұнады!

- Ал, "жүргізуші Жұлдыз" ше? Соңғы кездері коцерт жүргізгеніңді де көрдік.

- Ия,алғашқы жүргізушілік қадамым Майра Илиясованың "Жан анам" концертінде болды. Кейін, "Қазақ аруы" байқауында да өзімді сынап көрдім. Білмеймін, әзірге енді жүргізуші ретінде ұсыныстар түсіп жатқан жоқ. Алайда, Майра Илиясова бір айта кеткені бар: "алдағы концерттерге шақырамын" деп. "Маған ұнады" деп жылы лебізін де білдірген болатын. Өте қуандым! Енді көреміз :)

- Сонымен, өзің өнердің қай саласына жақынсың? Жан дүниеңе жоғарыда айтылған әншілік, актерлік өнер немесе жүргізушіліктің қайсысы жақын?

- Актриса болған жаныма жақын екенін сеземін. Мысалы, мен әнші ретінде мелизматиканы ("мелизматика" - әуеннің бір бөлігіндегі бірнеше дыбысталу, әнді көркемдеу) алып кетемін деп айта алмаймын. Менің мамандығым да бұл салада емес. Опытом (тәжрибем) да аз. Егер, қазір уақытымды актерлік шеберлікке көптеп бөлсем, шыңдала түсемін деген ойдамын.

- Сұхбат басталмас бұрын жеке өміріңді сөз етпеуді сұрадың. Алайда, желідегі "сенсацияны" айналып өтіп кете алмаймын. Ғаламторды аралап жүрген әнші Айқынмен видео жайлы не айтасың?

- Ол - өтірік! (деп қысқа қайырды)

- Өтірік болса, жеке өміріңде қандай жаңалықтар бар? Отбасыңды қашан құрғың келеді?

- Мен 23,25 жасымда күйеуге тисем бе (жанұя құрсам) деген арман болатын. Себебі, сондай сандар ұнайтын.

- Қазір сүйгенің бар ма?

- Бар :)

-Жақсы. @zhuldyzomirgali_official парақшасында жарнаманың құны қанша теңге?

- Қазіргі уақытта... Бәрін ашып айту керек па? :)

- Әрине! Инста-жұлдыздар, вайнерлер ашық айта береді. Жасыратын несі бар? :)

- Енді, қазір оқырман саны 600 мыңнан асқандықтан, реклама жасау бағасы өсті. Бұрын 100$ болса, қазір 50 мың теңгені құрайды. Көбіне тек ресейлік тапсырыс берушілер рубльмен жібереді. Ал, қазақстанда жарнамаға тапсырыс берушілер келісе бермейді бұл суммаға (құны,бағасы). Сондықтан, бартермен (ақшаға емес, тауарға айырбастау) жұмыс жасаймыз көбіне. Бірақ, сол ақшаның (50000тг) құнына.

- Жұлдыз, сахнаны сағындың ба? Өнерде қалғың келеді ме? Жеке кәсіпке қалай қарайсың?

- Екеуінде қатар ұстағым келеді. Бірақ, сахнаға бауыр басып қалдым. Бұрынғы концерттердегі билерімізді, ән айтып жатқанымызды видеолардан көрсем сағынамын. Сол сәтте "KeshYOU"-дің әндерін қосып, бір билеп, өлең айтып сергіп аламын. Сағынамын... Егер сахна адамды, адам сахнаны қабылдаса, екеуінің арасында бір байланыс пайда болады. Ол ажырамайтын сияқты деп ойлаймын.

 

- "KeshYOU"-ді ше? Ақбота,Балжанмен хабарласып тұрасың ба?

- Кездескенде... Балжанмен соңғы рет жұмыс бабымен киноның тұсаукесерінде кездесіп, қал-жағдайымызды сұрастық.Ботамен whatsapp арқылы хабарласып тұрамын. Бірақ, үшеуіміз бөлек жиналып, кафеге бару деген болмапты.

- Топтан кейін, жалпы, өміріңді өнермен толық байланыстырғың келеді ме?

- Өз басым әнді айта беретін сияқтымын. Актерлік шеберлікпен де айналысамын, сұраныс болғанша. Ал, кейін "ой,сіз қартайдыңыз ғой" десе кететін шығармын. (деп күліп алды)

- Алғаш өнерге келгенде өміріңде жарқ еткен сәуле пайда болды. Сол сәуле сөнбес үшін қандай жоспар құрмақсың? Әрі қарай ЖҰЛДЫЗ ӨМІРҒАЛИ деген есімді сақтап қалу үшін не істемексің?

- Қазіргі бірінші мақсат - актерлік шеберлік курстарымды аяқтап алу. Кейін, бір ән жазсам деймін. Егер, режиссерлардан ұсыныстар түсіп жатса, қуана келісемін. Рөлдерді сомдай аламын деп ойлаймын. Себебі, қазіргі актерлік шеберліктегі ұстазым "сенің ішкі жан дүниең толы" дейді. "Адам бір рөлге кіру үшін, оны сезініп, бастан кешуі керек" дейді. "Сен оны өз басыңнан өтпесең, халыққа рөліңді, ішкі мінезіңді түсіндіре алмайсың. Ал, сенің ішкі жан дүниең толы, жеткізе аласың" деді. Мысалы, жылайтын сценалар (сахна) болса, кинематографияда жүрген көп актрисалар жылай алмайтын кездері болады. Маған бір рет солай тапсырма берген болатын. Яғни, тапсырма бойынша менің баламды алып кетеді, кейін, 20 жылдан соң оны ауру (сал, ауыр халде) күйінде кездестіремін. Сондағы менің сезімім қандай болу керектігін көрсету. Расы керек, сол кезде Семей полигонынан зардап шеккен балаларды,қиналған адамдарды, өзімнің де қиын сәттерімді еске түсіріп, жылай салдым. Сол кезде жылап-жылап, сабақтан көзім ісіп шыққан едім.

- Жұлдыз, өзің сөз еттің, сахналық түрлі эмоцияларды көрсету үшін, оны адам өзі бастан кешу керек деп. Ал, сенің ішкі сезіміңді, жаныңды толтырып тұратындай басыңнан қандай оқиғалар өтті?

- Мен ауылда өскендіктен, отбасымда әртүрлі жағдайлар болды. 90-жылдардың соңы мен 2000-жылдары әкем ішіп, өзінің мінезін көрсеткен уақытта, біз қиналып, талай қашқан кездер болатын. Мамамды ұрған кездері... Мен айта алмаймын, отбасым идеальный (мінсіз) болған деп. Кейін, қалаға келіп, туысқандарыммен сыйыспаған жағдайлар да болды. "Қайда барамын?" деп далада да қалдым. Бірақ, соның барлығына төзе біліп, өткенді сабақ ретінде қабылдаймын. Әбден пістім. Мүмкін, сол бір жайттар болмағанда эмоцияларды шығара алмайтын да едім.

- Сырға толы жауабыңа рақмет! Жанұяң жайлы, өмірің туралы жасырмай, ашығынан айтудың өзі оңай емес...

 

Сұхбат аяқталысымен қойылған қызықты сұрақтар

БЛИЦ-ОПРОС :

1. Жанар Дұғалова / Кәмшат Жолдыбаева?

- К.Жолдыбаева

2. Әншілік / актерлік өнер?

- актерлік

3. Отбасы / өнер?

- Отбасы

4. Ең әдемі тұсың?

- көздерім

5. KFC / суши?

- суши

6. Бірінші сәбидің кім болғанын қалайсың?

- ұл

7. Драма / комедия?

- комедия

8. Ең соңғы көркем шығарма?

-"Победитель остается один"

9. Қайда саяхаттағың келеді?

- Лос-Анджелес

10. Байлық / сәттілік?

- сәттілік!


1
0
4145

Осы тақырып бойынша