Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық жедел медициналық көмек орталығында сыбайлас жемқорлықты алдын алу

А.ж. 22 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелерінің Облыстық жедел медициналық көмек орталығының қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Қатысқандар алдында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша Департаментінің бас маманы А.Е. Сатанов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы СҚО бойынша Департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева сөз айтты.

Баяндаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөнінде жаңа тәсілдер туралы айтты, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты ережелерімен таныстырды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және басқа зардаптарын түсіндірумен, өткен жылдың сыбайлас жемқорлық істерінің нақты мысалдарына тоқталды.

Заңды қолдану салалары жөнінде және оның жекелеген ережелері тұралы барлық түскен сұрақтарға аудиторияға толық түсіндірме берілді.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
425

Осы тақырып бойынша

Облыстық жедел медициналық көмек орталығында сыбайлас жемқорлықты алдын алу - Yvision.kz