ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Облыстық және қалалық мәслихат хатшылары мен тұрақты комиссия төрағаларының кеңейтілген отырысы өтті

Облыстық және қалалық мәслихат хатшылары мен тұрақты комиссия төрағаларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. Жиын облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаеваның төрағалығымен өтті. Отырыста ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мен жиналған облыс және қала тұрғындарынан түскен аманаттарды қарастырып, алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламаның орындалу жоспарына кеңірек тоқталып, талқылау жүргізілді.

Кеңейтілген отырыста Батыс Қазақстан облысы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мукаев облыстық және қалалық мәслихат депутаттарын тұрғындардан жиналған аманаттармен таныстырып, алдағы уақытта осы жиналған мәселелер бойынша халықпен бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Отырысқа шақырылған Орал қаласы әкімі А.Шыныбеков осы мәселелер бойынша өз пікірімен бөлісіп, әрі қарай өкілді және жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс жасап, бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Аманаттардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолдар мен тротуарларды жөндеу, электр жүйелерін жаңарту, жарық шамдар мен қоқыс контейнерлерін орнату, қаланың шеткі аумағында орналасқан шағын аудандарын толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, аулаларды абаттандыру, ЖПИК (КСК, ОСИ) мәселелерінен құралды.

«Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталып, барлық деңгейдегі өздеріңіздің сайлау алдындағы уәделеріңізді орындап, халықпен бірлесе отырып жүзеге асыру керек. Қоғамның, халықтың игілігі үшін нақты мақсат міндеттерді іске асыру қажет екендігін басты назарға алуларыңыз керек», - деп жиынды облыстық мәслихат хатшысы қорытындылады.

@nur_otan @baibekbk @jas_otan @murat.mukayev @abat_shynybekov @kenesarynursha @aliyasaliyeva @svetlana_bakhisheva

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021