Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық сотта 8 наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған  салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға құрметті отставкадағы ардагерлер, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың нәзік жанды судьялары, облыс соттары кеңселерінің мамандары шақырылды.
Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай кездесуді аша отыра жиналғандарды көктемнің төл мерекесімен құттықтады және «Бүгінгі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және қоғамдық мәселелерге белсене араласатын қоғам қайраткерлері» екенін атап өтті.
Елбасы «Расында адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Бұлардың өшпес өнегесі жаңа Қазақстанда жалғасын тауып келеді. Ел мен ерге сын болған кезеңде әйелдер қоғам жүгін қайыспай көтере білді. Сіздер отбасы берекесімен бірге тәуелсіздікті нығайту ісіне де еселі үлес қосып келесіздер» деп атап өтті.
Ұлт Көшбасшымыздың көрегенділігінің арқасында әйелдер Министр, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, құқық қорғау органдарында генерал болып қызмет атқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыстық сот алқаларының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары болып тағайындалып, сапалы нәтижелі жұмыстар атқаруда.
Облыстық соттың төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының және өзінің атынан нәзік жандарды көктем мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларына  береке-бірлік  тіледі.
Әйелдер қауымы облыс әкімінің құрмет грамотасы және алғыс хатымен, мінсіз жұмыстары үшін облыстық сот төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды, сондай-ақ бағалы сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.
Құрметті отставкадағы әйел-ардагерлер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәмиге ризашылық  білдіріп, жоғары деңгейде  ұйымдастырылған кездесу үшін облыстық соттың төрағасына алғыс айтты.
Салтанатты жиын көгілдір көктем мерекесіне арналған ән шырқалып, би биленген концертпен жалғасты.
Салтанатты іс-шара естелікке суретке түсумен аяқталды.
Осындай салтанатты жиындар Солтүстік Қазақстан облыстық сотының барлық аудандық және оған теңестірілген соттарында ұйымдастырылды.
0
0
1075

Осы тақырып бойынша

Облыстық сотта 8 наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті - Yvision.kz