Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің тұсаукесер рәсімдері өтті

Партияның сенімді өкілдері мен кандидаттар қатысқан басқосуда штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің мақсат, міндеттерімен таныстырған облыстық штаб басшысы Н.Ожаевтың алғысөзінен кейін, ел ағалары Төкен Танаұлы, қоғам қайраткері Нұрпейіс Махашұлы науқанды жұмыстың басталуына орай ақ баталарын берсе, кандидаттар атынан Айжан Сарсенқызы өз тілегін арнады.

11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде кандидаттар мен партияның сенім білдірген өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасын әр сайлаушыға жеткізу мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізіп, олардың өтініштерін, тілектерін тыңдап, ұсыныстарын (наказ) қабылдайды. Қабылдаулар онлайн тәртібінде өтеді, қажет болған жағдайда пандемия кезіндегі барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн түрінде де өткізіледі.

Алғашқылардың бірі болып, республикалық сайлауалды қоғамдық штабтың мүшесі Н.Махашев азаматтарды қабылдап, партияның алдағы 5 жылға арналған жоспарынан хабардар қылды. Кандидаттар А.Қарабаева, Ә.Семғалиевтер 20-ға жуық азаматтарды қабылдап, өтініштері мен тілектерін тыңдады, аманттарын қабылдады. Бекітілген кестеге сәйкес кандидаттар мен сенімді өкілдер 8 қаңтарға дейін қабылдауларын өткізетін болады.

Осындай қоғамдық қабылдау бөлмелері қалалық және 7 аудандық штабта жұмысын бастады.

Қабылдауға жазылу үшін 27 00 43 телефонына хабарласуға болады.

0
0
301

Осы тақырып бойынша

Облыстық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің тұсаукесер рәсімдері өтті - Yvision.kz