Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық құрылыс және тілдерді дамыту басқармаларының ұжымдарымен кездесу өтті

2020 жылдың 7 қазан күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев облыстық құрылыс және тілдерді дамыту басқармаларының ұжымдарымен кездесу өткізді.

Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру болып табылады.

Шараға облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Р.Хайруллина, басқарма басшылары мен қызметкерлері қатынасты.

Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев: «Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі түрде алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған» - деп атап өтті.

А.Р.Хайруллина: «Мемлекеттік қызметшілер іс-сапар кездерінде заң талаптарын қатаң сақтау қажет. Соның ішінде қабылдаушы тараптан қонақ үй шығындарын төлеуге және дастархан жаюға тыйым салынған. Әр мемлекеттік қызметші Әдеп нормаларын қатаң ұстануы тиіс».

Шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
327

Осы тақырып бойынша

Облыстық құрылыс және тілдерді дамыту басқармаларының ұжымдарымен кездесу өтті - Yvision.kz