Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлері еңбек ардагерлерімен кездестi.
Кездесу барысында депутаттыққа үмiткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Жиында Федоровка ауылының азаматтары жоғары оқу орындарында қашықтан бiлiм алып жатқан студенттердiң оқуларының ақысын азайту, жоғары оқу орындарын бiтiрген жастарды жұмысқа орналастыру, азық-түлiк бағасының қымбаттауы, жемқорлықпен күресу, фермерлерге жол ашу, ауданымыздағы кейбiр ауылдардың ауызша атауларын қазақшалау, мал шаруашылығын дамыту жəне т.б. мəселелердi кɵтерiп, сұрақтарына жауап алды.
Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер жерлестерiнiң ұсыныстарын жазып алып, түйiткiлдi мəселелердiң оңынан шешiлуiне ықпал ететiндерiн айтты.
Жиын соңында 2021 жылдың 10 қаңтарында ɵтетiн сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

