Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер Ақсуат ауылының тұрғындарымен кездестi.
Жиында 2021 жылы 10 қаңтарда ɵтетiн сайлаудың ерекшелiгi, "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасы, Теректi ауданында алдағы 5 жылда атқарылатын iс-шаралар айтылды.
Ақсуаттық тұрғындар Пойма ауылына су ɵткiзу, кɵпбалалы отбасыларды тұрғын үйге кезекке тұрғызу сынды толғандырып жүрген мəселелерi бойынша сұрақтарын қойып, жауап алды.
Кездесу соңында облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.
Iс-шара аяқталған соң үмiткерлер "Есiктен есiкке" акциясы аясында Ақсуат ауылын аралап, тұрғындармен кездесiп, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiздi.


