Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер Аңқаты ауылдық округiнiң тұрғындарымен жүздестi.

29 желтоқсанда облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер – Жаңылсын Оразғалиева, Рада Серикова, Гүлдариға Амандықова, Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Аманғали Бɵкенбаев Аңқаты ауылдық округiнiң тұрғындарымен жүздестi.

Кездесуде "Nur Оtan" партиясының Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы толық түсiндiрiлдi.

Партияның осы уақытқа дейiн атқарған жұмыстары мен алдағы 5 жылдыққа жоспарын мұқият тыңдаған аңқатылықтар жылы лебiздерiн айтып, сəттiлiк тiледi.

Жиында кɵпбалалы аналар жұмысқа орналасу бойынша сұрақтарын қойып, жауап алды.

Депутаттыққа үмiткерлер Аңқаты ауылының тұрғындарын сайлауда "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Осы тақырып бойынша

Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер Аңқаты ауылдық округiнiң тұрғындарымен жүздестi. - Yvision.kz