Облыстық мəслихат депутаттығына кандидат"Қайқы" шаруа қожалығымен онлайн кездесу өткізді.
Облыстық мəслихат депутаттығына кандидат Арылбек Қораласбаев "Қайқы" шаруа қожалығымен онлайн кездесуөткізді.Үміткерлер шаруашылық ұжым мүшелерінің жұмыс бабымен танысып, пікір алысты. Одан əрі партияның сайлауалды бағдарламасының ауылшаруашылығы саласына қатысты басымдықтары туралы, əлеуметтік мəселе туралы айтып түсіндірді. "Nur Otan" партиясының атқарған жұмыстарының басымы ауылды дамытуға арналғандығын сөз етті. Алдағы уақытта да əрбір адамның лайықты өмір сүруі үшін де қыруар жұмыстар жасалатынын да айтып өтті. Ұжым мүшелері де кандидаттармен ашық жүздесіп, өз ойларындағы түрлі сұрақтарын қойды. Сонымен бірге, аудандық партия бағдарламасы ауданды дамытуға бағытталған. Сондықтан серпінді дамитын нақты шаралар ұсынатындықтарын да тілге тиек етті. Кездесу қорытындысында 'Қайқы" шаруа қожалық ұжымына мемлекеттің одан əрі даму жолы сіздердің қолдауларыңыз бен дауыстарыңызда дей келе, 10 қаңтар күні "Nur Otan" партиясына дауыс беретіндеріне сенім білдірді.

