Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Елемесов тұрғындарды қабылдады.

«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық қоғамдық қабылдауына қатынасқан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылы №5 үй 3 пәтердің тұрғыны, зейнеткер Меңсұлу Жұмақұлованы жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізді.

Қабылдауда Менсұлу Жұмақұлова өзінің тұрғын үйі жөндеуді қажет ететіндігін жеткізіп, оның материалдық жағдайына байланысты үйді жөндеуден өткізу үшін көмек көрсетуді сұрады. Осы өтінішке байланысты Есқайыр Елемесов жәрдем көрсету бойынша шаралары қолға алынатындығын хабардар етті. Нәтижесінде, Есқайыр Елемесов жетекшілік ететін «Символ» ЖШС тарапынан үйді жөндеуден өткізу (терезелерді ауыстыру) бойынша қажетті жұмыстар атқарылды.

Қамқорлық танытып, қолұшын бергені үшін Меңсұлу Жұмақұлова Есқайыр Елемесовке және «Символ» ЖШС ұжымына өз ризашылығын білдірді.

0
0
332

Осы тақырып бойынша