Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлері Қызылқоға ауданында болды

Облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Нұрлыбек Ғилажұлы Даумов, Мақсот Нұрланұлы Абуов, Сайын Сәлімгерейұлы Қуанышев, Абдулла Хамитұлы Идрисов және Аудандық мәслихат депутатының кандидаты Альберт Өтегенұлы Аққайнанов «Арман» мәдениет үйінде Миялы ауылының тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездесті.

Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасындағы басты міндеттерімен таныстырды. Соның ішінде сапалы білім беру, мұғалімдер мен шәкірттерді қолдау, спортты дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. Сайлаушылар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, оларды партияның сайлауалды бағдарламасын қолдауға, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.

0
0
391

Осы тақырып бойынша