Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және білім мәселелері бойынша онлайн-отырыс өтті

Бүгін облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының онлайн-отырысы өтті. Отырыс жиналған аманат-тілектерді қарастырып, сайлауалды бағдарламаның орындалу жолдары мен жоспарына кеңірек тоқталып өту мақсатында жоспарланған болатын. Облысымыздың коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл аймаққа" кіруіне байланысты ZOOM форматында өткен бұл кездесуге облыстық мәслихат хатшысы Конысбаева Б.Т., Жақсығалиев Ж.Ж, Сүндетова С.Ө., Батпакулова Г.А, Ирменов К.М., Салиева Ә.Ө., Утебалиева Ш.С, Ермекқалиев А.С және Ізмағамбетов Б.М облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Өзекті де маңызды мәселелердің көпшілігі ортаға салынып, депутаттар тарапынан түрлі салмақты ұсыныстар түсті. Атап өтер болсақ, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу басты мақсатымыз болмақ. Одан басқа сайлауалды бағдарламасында халықты, әсіресе, ауыл тұрғындарын алаңдататын интернет желісін жүргізу, жол мәселесі, жұмыс орындарын көбейту секілді маңыздылығы басым мәселелер алдыңғы қатарға қойылып, оны шешу мен жүзеге асыру жұмыстары бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл жерде отырысқа қатысушы әр депутаттың ұсынысы назарға алынып, одан әрі жемісті де табысты жұмыстар атқаруымызға септігін тигізеріне күмәніміз жоқ.

Осындай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Аманатта тіркелген әр азаматтың өтініш-тілектерін орындау мақсатында осалдық танытпай, тек қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде өз күшімізді, мықтылығымызды көрсету жолында аянбай еңбек етеміз.

@nur_otan @baibekbk @nurotan_bqo

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
248

Осы тақырып бойынша