Облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Байжанов Мадияр Жеңісұлы «Канвассинг» шарасы жүргізді
Бүгін Шыңғырлау ауылында, облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Байжанов Мадияр Жеңісұлы «Канвассинг» шарасы аясында көп балалы аналардың үйіне барып үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Шара аясында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, басты басым бағыттарды жеткізді.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Кандидат қуатты ел болуымыз үшін алған білім-ілімімізді Отанымыздың игілігіне жұмсауымыз керек, аға буын өзінің бай тәжірибесін кейінге толқынға бере алып, ұрпақтар сабақтастығы жалғасын табуы тиіс деді. Ауыл мен қала арасындағы теңгерімсіздікті жою үшін ауылдарда жаңа шаруашылық құрылымдары көптен құрылса, еңбекке құштар әр жан туған жерінің төсінде екі қолға бір күрек табары анық деген ойларын жеткізді.
«Nur Otan» Партиясы жанұя институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алуға жағдай жасауға бағытталған шаралар енгізеді.