Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі «Есіктен есікке» акциясын өткізді.
2020 жылы 29 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі Саран қаласының тұрғындарының пәтерлерін аралап, «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Акция барысында сайлаушыларды алда келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, үгіт материалдарын таратты, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.
Сондай-ақ, отбасының кәмелетке толған мүшелерін 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.
Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

