Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі экспромт-кездесу өткізді.

2021 жылы 3 қаңтарда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлының сенімді өкілі Саран қаласының коммуналдық базарына барып, экспромт-кездесу өткізді. Кездесуге коммуналдық базардың қызметкерлері мен тұтынушылары қатысты.

Қызметкерлермен және келушілермен әңгіме барысында кандидаттың сенімді өкілі «Nur Otan» партиясының Саран қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті, сондай-ақ сайлаушылардың тілектерін тыңдады.

Әңгіме барысында партияның қалалық бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылатындықтан, шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғауға ерекше назар аударды.

Кездесу соңында үгіт материалдарын тарата отырып, барлық қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және жетекші партия және нақты істер партиясы ретінде «Nur Otan» партиясына өз дауысын беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
160

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі экспромт-кездесу өткізді. - Yvision.kz