Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі «Дедов» БПҰ мүшелерімен онлайн-кездесу

2020 жылы 28 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі «Дедов» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен онлайн-кездесу өткізді. Сенімді өкіл ең алдымен қатысушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, «Дедов» ЖШС ұжымының қала экономикасын дамытуға қосып жатқан үлестерін атап өтті, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Содан соң оларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды.

Өз сөзінде «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл–ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. «Nur Otan» партиясы өзінің алдына әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының артуына ықпал ететін экономика құру міндетін қойып отыр. Қала экономикасын тұрақты дамыту үшін бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды нығайту және өңдеуші өнеркәсіптің, логистиканың, қызмет көрсету мен сауданың жаңа жобаларын жасау керек»,- деп атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
104

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі «Дедов» БПҰ мүшелерімен онлайн-кездесу - Yvision.kz