Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті.
2021 жылы 5 қаңтарда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Тәшенов Серік Нығметұлы Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті. Серік Нығметұлы ардагерлерді жаңа жылдарымен құттықтап, олардың соғыс жылдарында көрсеткен ерен ерліктеріне бас иетіндіктерін, өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін атап өтті.
Содан соң партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды.
Өз сөзінде ол «Партия тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін нақты, тәжірибелік жұмысты жалғастырады. Ардагерлерге қолайлы жағдайлар жасау, жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз»,- деп атап өтті.
Кездесу соңында ардагерлерді 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
