Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат канвассинг өткізді.

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы және қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Шаяхметов Қайрат Үлгіліұлы Саран қаласы тұрғындарының үйлеріне барып, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында сайлаушыларға үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ, оларды 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат канвассинг өткізді. - Yvision.kz