Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Халилин Е.Б. Саран қ. тұрғындарымен кездесу өткізді.

2021 жылы 3 қаңтарда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Халилин Ерден Балтабайұлымен ZOOM платформасында Саран қаласының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді. Ерден Балтабайұлы алдымен іс-шараға қатысушыларды Жаңа жылдарымен құттықтап, отбастарына бақ-береке, зор денсаулық тіледі. Содан соң партияның сайлауалды платформасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды, өз сөзінде дене шынықтыру мен бұқаралық спортты, туризмді дамытуға басты назар аударды.

Кездесу барысында қала тұрғындары үміткерге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды, атап айтқанда Ақтас кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, өндірістік гимнастиканы қолға алу мәселелері көтерілді.

Ерден Балтабайұлы қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, көтерілген мәселелерді шешуге атсалысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, барлық қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және жетекші партия және нақты істер партиясы ретінде «Nur Otan» партиясына өз дауысын беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
162

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Халилин Е.Б. Саран қ. тұрғындарымен кездесу өткізді. - Yvision.kz