Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат қаланың кәсіпкер әйелдермен онлайн-кездесу өткізді.

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы ZOOM платформасында Саран қаласының кәсіпкер әйелдермен онлайн-кездесу өткізді. Өтеубаев Талғат Бабашұлы әңгіме барысында партияның қалалық бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылатындықтан, шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғауға ерекше назар аударды.

Кездесу соңында бизнес өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды толғандырып жүрген өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешуге атсалысатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, барлық қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және жетекші партия және нақты істер партиясы ретінде «Nur Otan» партиясына өз дауысын беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
117

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат қаланың кәсіпкер әйелдермен онлайн-кездесу өткізді. - Yvision.kz