Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат аға ұрпақ өкілдерімен канвассинг өткізді.

Сайлауға санаулы күндер қалды. Сол себепті Саран қаласында сайлауалды жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыс аясында 2021 жылы 6 қаңтарда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы Саран қаласындағы аға ұрпақ өкілдерімен канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларға үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ, Талғат Бабашұлы аға ұрпақ өкілдерін 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
126

Осы тақырып бойынша