Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихат депутаты Тлемисов Турарбек тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Тлемисов Турарбек тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдауда Мұхит көшесінің тұрғыны үй жанындағы бақты абаттандыру мәселесімен жолықты. Маусым айында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар екендігі жауапты мекемелерден анықталды. Сонымен бірге қала тұрғыны балаларға арналған спорттық ойын алаңын салу жөнінде өтініш білдірген болатын. Бұл сұрақ бойынша тиісті органдарға өтініш жіберілді.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
170

Осы тақырып бойынша