Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихат депутаты Салиева Алия тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Салиева Алия тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдауға жалғыз басты ана жұмыссыздық мәселесі бойынша жолықты. Тұрғынға жұмыссыздық мәселесі бойынша тиісті мемлекеттік ұйымдарға жолығып, кеңес алуға ұсыныс берілді.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan @baibekbk @aliyasaliyeva

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
136

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихат депутаты Салиева Алия тұрғындарды қабылдады - Yvision.kz