Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Oблыстық мәслихат депутаты Қонысбаева Бибігүл облыс тұрғындарын қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Қонысбаева Бибігүл облыс тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдауда үй кезегіне тұру, жұмыссыздық, денсаулық мәселелері көтерілді. Ашып айтар болсақ кәсіп ашудың жолдары, кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктер түрлерін атап, кеңес берілді. Денсаулық жағдайы бойынша жұмыс жасай алмайтын, атаулы көмек қажет ететін тұрғынға АӘК-ға өтініш беріп, қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік ұйымдарға ұсыныс берілді.

Облыстық мәслихат депутаты халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөнінде тұрғын үй мәселесі жөнінде толық анықтамалық түсініктемелер берді.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды.иМамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
261

Осы тақырып бойынша