ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Облыстық мәслихат депутаты Ирменов Қамидолла облыс тұрғындарын қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Ирменов Қамидолла облыс тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Облыстық мәслихат депутаты қалалық тұрғын үй қорынан жалдамалы үй беру, халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөнінде толық анықтамалық түсініктемелер берді.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021@kamidollairmenov