ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Облыстық мәслихат депутаты Д.Галиметдинованың сенімді өкілі қала тұрғындарымен кездесті

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Д.Галиметдинованың сенімді өкілі азаматтарды қабылдады. Кездесуге келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Облыстық мәслихат депутатының сенімді өкілдері қалалық тұрғын үй қорынан жалдамалы үй беру, халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөнінде толық анықтамалық түсініктемелер берді.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды, қажет болған жағдайда мемлекеттік құрылымдардың мамандары тартылды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Облысымыздың коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл аймаққа" кіруіне байланысты "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаттарының қабылдауы бейнебайланыс немесе телефон арқылы өткізілетін болады. Анықтама үшін телефон нөмірлері: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021