Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Шыңғырлау ауылында болып «канвассинг» шарасын өткізді
26.12.2020ж. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мадяир Байжанов Шыңғырлау ауылында болып «канвассинг» шарасын өткізді.Сонымен қатар, «Канвассинг» шарасы аясында ауданымыздың білім беру саласында 40 жыл еңбек еткен ұстаз ардагерлер Амангелді-Қалима Шорабаевтардың, ауданның ауылшаруашылық саласын дамытуда өзінің қолтаңбасын қалдырған Оразалы-Салима Едресовтардың, 45 жылға тарта қаржы саласында қызмет еткен 13 баланың ата-анасы Құлымбет-Рәзия Бисембаевтардыңың, ҰОС ардагерінің зайыбы, көп балалы ана, ауданымыздың орман шаруашылығын дамытуда ерен еңбек еткен Акинша Қасанованың әулеттерінде болып, кездесті.
