Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер
Қарағанды облыстық мәслихат депутаттығына " үміткер, "Ұлытау" қорық- мұражайының директоры Бақтияр Қожахметовтың сенімді өкілі болғандықтан сайлауалды атқарылған жұмыстары жайында хабарлап отырамын. 16-17 желтоқсан күндері Бақтияр Сапарбекұлы Ұлытау ауданына қарасты елдімекендердің тұрғындарымен кездесу жұмыстарын бастады. Қазіргі карантин жағдайына байланысты көпшілік халықты жинау мүмкін болмағандықтан шағын кездесулер Мибұлақ, Сарысу және Борсеңгір ауылдарында ұйымдастырылды. Үміткер ауыл тұрғындарын өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге осы ауылдарда биыл ашылған мектеп мұражайларын көріп, меңгерушілерімен танысты. 2021 жылы Ұлытау ауданына қарасты мектеп мұражайларының ассоциациясын және WhatsApp тобын құрып, бірге тәжірибе алу жұмысын жүргізуге келісті.
