Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі канвассинг өткізді.

2020 жылы 20 желтоқсанда облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Игілікова Асем Игілікқызының сенімді өкілі Саран қаласындағы көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне барып, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларға үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ, отбасының кәмелетке толған мүшелерін 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
140

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі канвассинг өткізді. - Yvision.kz